Түлектер Академияда қонақта

Соңғы төрт жылда ҚР ІІМ Қостанай академиясында ең ауқымды ашық есік күні өткізілді. Облыс орталығы мектептерінің 600-ден астам түлегі аталған білім ордасына барды.Академия қызметкерлері қонақтарға арнап мазмұнды бағдарлама дайындап, кафедралармен және полигондармен, мамандандырылған орталықтармен, жатақхана және асханамен таныстырып, Академиядағы оқу үрдісі туралы бейнефильм көрсетті.Қылмыстық процесс және криминалистика, ІІО әкімшілік қызметі кафедралары түлектерге қылмыстың ізіне түсу, оқиға орнын тексеру жайында егжей-тегжейлі баяндап, полицейлерді оқытатын оқу полигондарын және ЖБО инспекторының, кезекші бөлімі мен уақытша ұстау изоляторының қызметті қалай атқаратынын көрсетті.
Жоғары сынып оқушылары атыс алаңына барып, қаруды қалай ұстау керегін үйренді. Сондай-ақ олар курсанттарды кәсіби-қолданбалы даярлауды жүзеге асыратын спорттық жабдықтармен және күрес залдарымен танысты.Іс-шара соңында оқушылар алдында кадр қызметінің өкілдері сөз сөйлеп, Академияға оқуға түсу тәртібі, қызметке орналасу үшін үміткерлерге қойылатын талаптар, курсанттық жұмыс күндері және түлектердің болашағы туралы мәлімет берді.Күндізгі оқыту нысанына талапкерлерді қабылдау 2023 жылы басталады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓