Дара құбылыс
«Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен» атты І республикалық дәстүрлі ән орындаушыларының байқауына Алматы, Көкшетау, Нұр-Сұлтан қалаларынан және өңірлік әншілер қатысады.
Тақтақ ақынның орындаушылық стилін айнақатесіз жаңғырту талабы бар байқау екі кезеңнен тұрады. Сәйкесінше, әуелгі бөлігінде әр қатысушы Нұржанның бай мұрасынан бір-бір туындыдан нақышына келтіре орындауға міндеттеледі.
Жалпы Наушабаевтың мол мұрасы хақында жергілікті жас өнерпаз, дәстүрлі ән орындаушылардың жергілікті шоғырында ерекше дарынымен дараланып келе жатқан Айжан Санайды әңгімеге тартқан едік."Алматыда оқығанымда Рамазан Стамғазиев секілді мақтаулы ұстаздың тәлімін алу бақыты бұйырды, – деп бастады әңгімесін Айжан. – Дәрістердің бірінде әр өңірден келген әрбірімізге өз өлкеміздің дәстүрлі әнін орындауға мұрсат берілді. Жөпелдемедегі тапсырмада Нұржан ата Наушабаевтың «Ара-ай» өлеңін шама-шарқыма сай орындап шықтым. Рамазан аға мұндай туындыны тұңғыш естіп тұрғанын айтып, таңданысын жасырмады. Меніңше, өткелі тұрған республикалық байқау – жан-жақтан келген қатысушылардың Наушабаев мұрасын әр өңірде насихаттауы үшін таптырмас мүмкіндік".

Наушабаев мұрасының жұпарын аңқытатын жоба Қостанай ауданының орталығындағы «Алтын дән» МҮ өтетінін естеріңізге саламыз.
Нұрқанат Нүсіпхан
ақпараттық редактор
ақпараттық редактор