Стационар қайта ашылды
28 шілдеден бастап, коронавирус инфекциясымен сырқаттанғандар санының өсуіне байланысты, Қостанай қалалық ауруханасының базасындағы инфекциялық стационар қайта ашылды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының Instagram желісіндегі парақшасында хабарланды. Аталмыш ауруханадағы 280 орындық провизорлық стационар өткен жылдың 29 маусымында ашылған болатын.
“Енді бүгіннен бастап қалалық ауруханадағы шұғыл (соның ішінде жарақат пункті) және жоспарлы сырқаттарды қабылдау тоқтатылды. Оларға көмек облыстық аурухананың базасында көрсетіледі. Қазіргі уақытта қалалық аурухананың пациенттерін шығару және облыстық ауруханаға ауыстыру жүзеге асырылуда”, – деп жазылған хабарламада.