Басқарма басшылары бастап берді
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Айтбаев пен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ермұханбет Дәулетбаев алғашқылардың бірі болып қайтара вакцина салдырды.Ревакцинация Қостанайдағы №4 емханада жасалды.
«Мен ақпан айында «Спутник V» салдырған едім, осы жолы QazVac-ты таңдадым. Қазір жиырмадан астам елде ревакцинация жүріп жатыр. Өйткені, уақыт өте бойдағы антидене әлсірей бастайды. Сондықтан, қайтара екпе салдырудың пайдасы орасан. Бұны бірнеше зерттеулер дәлелдеген», – деп атап өтті Е.Дәулетбаев.Оның айтуынша, алғашқы вакцинаның ешқандай әсері сезілмеген.
Басқарма басшысының да таңдауы отандық өнімге түсті. Ол да бірінші вакцинаны ақпан айында алған. «Қазір өңірге қажетті дозаның бәрі бар. Жұмыс жалғасып жатыр. Балаларды, жүкті және емізетін әйелдерді егуді бастадық. Бүгінге дейін осы санаттағы 270 адам Pfizer екпесін салдырды», – деді Р.Айтбаев.