«Эко-сағат» акциясы өтті
Кеше облыстың барлық мектептерінде «Эко-сағат» кең көлемді республикалық акция басталды. Бұл ауқымды шараға ұстаздар, оқушылар мен студенттер белсенді атсалысты.

Айта кету керек, экологиялық сағат өткізу – Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігің, қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының, экологиялық ұйымдар қауымдастығының бірлескен бастамасы. Бірыңғай республикалық экологиялық сағат аясында облыстың барлық оқу орындарында экология тақырыбында сабақтар өтті. Оқушылар табиғат туралы бейнероликтер көрді. Облыстың аудан-қалаларының мектеп жанындағы учаскелеріне 25 мың көшет егілді.
Биыл ғана ашылған Әуежай шағынауданындағы №29 орта мектеп маңына көшет отырғызуға облыс әкімі А.Мұхамбетов келді.





Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суретті түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.