Инвестиция – иігілікке
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов "Тобыл" ӘКК" АҚ дамыту мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді. Осы мәселе бойынша әлеуметтік-кәсіпкерлік кооператив төрағасы Б.Ш. Жақыповтың баяндамасы тыңдалды. "Тобыл" ӘКК" АҚ-ның инвестициялық портфелі іс жүзінде салынған инвестициялар сомасы 60 млрд теңгеден астам 40-тан астам жобаны қамтиды, оның ішінде серіктестердің инвестициясы – 50 млрд теңгеден астам. Бұл жобалар өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, жер қойнауын пайдалану, тұрғын үй құрылысы, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында іске асырылуда.Кеңес қорытындысында аймақ басшысы "Тобыл "ӘКК" АҚ-ны дамыту бойынша жұмысты жалғастыруды, сондай-ақ мерзімі өткен берешекті өндіріп алу мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырды.