Күләштан жеткен құттықтау

Ұстаздар күніне орай Назарбаев Зияткерлік мектептерінің басшысы Күләш Шәмшидинованың атынан өңірдің мектеп директоры Думан Сапаков білікті ұстаз Гүлбарам Жиентаева апамыздың үйіне барып, басшылықтың құттықтауын жеткізді.IMG_0034
Ұстаз – аяулы есім. Ол әр адамның жүрегіне жылылық ұялатады. Осындай құрметке лайық еңбек демалысындағы Гүлбарам Жиентаева апайымыз ізгі ниетті жандардың бірі. Өзінің бүкіл саналы ғұмырын жас жеткіншектерді оқыту ісіне арнады. Отыз жылдан астам еңбек еткен Гүлбара апамыз Федоров ауданының құрметті азаматы атанып отыр.
"Тәуелсіз ел атанып, тіліміздің мәртебесі артып, елімізді әлем танып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне ат салысқан мәртебелі ұстаз. Федоров ауданының білім саласында ұзақ жылдар бойы қажырлы еңбек етті. Математика пәнінен сабақ беріп, талай шәкірт тәрбиелеген ардагер ұстазымызға алғысымыз шексіз", – дейді Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы.
 
Ш.АҢСАҒАНҚЫЗЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓