Құрылыс қаржысы қайта қаралмақ

Облыс әкімдігінде өткен селекторлық жиында студенттік жатақханалардың құрылыс мәселесі талқыланды. Қостанай облысында Автомобиль жолдары, Политехникалық және Медициналық колледждер студенттері үшін жатақханалар салу жоспарлануда. Облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюк атап өткендей, жатақхананың құрылысы ауылдық жерлердегі жастарды тұрғылықты баспанамен қамтамасыз етуге және 1250 студенттің өмір сүру жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.DSC_7574
– Қазіргі уақытта екі жатақхананың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Автомобиль жолдары колледжі жанынан 500 орындық жатақхана құрылысы басталады. Оның сметалық құны 1,6 млрд теңгеге бағаланды. Сондай-ақ политехникалық колледж жанынан 500 орындық жатақхана құрылысына смета бойынша 1,5 млрд теңге жұмсалады. Ал медициналық колледж жатақханасы құрылысының жобалық құжаттамасы желтоқсан айында бекітіледі, – деді С.Карплюк.
Аталмыш оқу орындарының жатақханаларын салуға жергілікті бюджеттен қаржы бөлінеді. Облыс басшысы Архимед Мұхамбетов жобалардың қымбаттығын сынға алды. Оның айтуынша, қаржыны барынша үнемдеу қажет. Сондықтан құрылыс жұмыстарын өз қадағалауына алмақ.
– 500 орындық колледж жатақханасына 1,5 млрд теңге ақша жұмсау қымбатқа түседі. Менің орынбасарларым қомақты қаржы жұмсауға жол берген. Олар жобалық құжаттаманы бастапқыда бақылауға алуы тиіс еді. Енді бұл жобаларды жеке бақылауыма аламын. Бұған дейін де айтқан болатынмын, жатақхана құрылысына 1 млрд теңгеден артық ақша жұмсамауға міндеттіміз. Студенттер үшін тұратын бөлме, асхана, жуынатын жер, дәретхана болса жеткілікті. Оңтайландыру жұмыстарын жүргізген дұрыс. Бұл ретте Қостанай педагогикалық университетінің жобасы құптауға тұрарлық, – деді өңір әкімі.
Расымен де, Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай педагогикалық университетінің жаңа жатақханасы қаржы үнемдеуге септігін тигізеді. Білім орнының ректоры Еркін Әбіл.DSC_7599
– Жобаның жалпы құны шамамен 575 млн 954 мың теңгені құрайды. Жабдықтар, жиһаз және басқа құралдарды сатып алуға 76 млн 945 мың теңге есептелген. Сонымен қатар далалық бақылауға 30 млн теңге қарастырылды. Жатақхана үшін жер сатып алу қажеттілігі жоқ. Шығындарды есептеу мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жүргізілді. 8 жылға 122 АЕК (жылына бір төсек-орын) есептелді, – деді ректор.
ҚМПУ жатақхана пайдалануға берілгеннен кейін 8 жыл ішінде қаржы орталығына 828 миллион теңге төлейді.
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓