Универсиадаға іріктеу
«Сұнқар» спорт клубының меңгерушісі Аманжол Төлегенов пен жаттықтырушы Наурызбек Жабариннің ұйымдастыруымен Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің спорт залында шағын футболдан жарыс өтті. Аталмыш жарыстың өткізілу себебі – алдағы универсиадаға үздік команданы іріктеу.
Төрт команда ішінде мықтыны анықтау оңайға соқпады. Сынға түскен олар кәсіби спортшылардан кем өнер көрсеткен жоқ. Тартысты ойында жас спортшылар барын салып ойнады, ал төрешілер әділ қазылық етуге тырысты. Ойындардың тартысты әрі қызықты өткені сондай, соңғы ойындарға дейін қандай команданың жеңімпаз немесе жүлдегер атанары белгісіз болды.

Қайрат МАРАТҰЛЫ