“Топжарған – 2015” жазғы спартакиадасы

Дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастамасымен “ХХХ Топжарған – 2015” аудандық жазғы спартакиаданың бірінші кезеңі ауыл, ауылдық округтарда өткен болатын. Ал екінші кезеңі аудан орталығындағы “Топжарған” спорт кешенінде өтті.
Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Асқарбек Кенжеғарин қатысушы командаларға тілектестігін білдіріп, жеңіс пен сәттілік тіледі.DSCF9250
Жазғы спорттық ойындарға Торғай, Қарасу, Милісай, Шеген, Қалам-Қарасу , Жаркөл, Сужарған, Ақшығанақ, Ақкөл, Аралбай, Қызбел, Албарбөгет ауылдық округтарының командалары қатысты.
Жарысқа қатысқан спортшылар қазақ күресі мен дзюдо және стол теннисінен, ұлттық ойындарымыз шахмат, тоғызқұмалақ, сондай – ақ, гір көтеру сайыстары бойынша бәсекеге түсті. Жарыстың барлық кезеңдерінде ойын эмоцияға толы, қызық болды. Қатысушылар ойынға жақсы дайындықтарын, командалық бірлік пен жеңіске деген құлшыныстарын көрсетті. Жанкүйерлер мен команда өкілдері ойыншыларға ерекше қолдау танытты.DSCF9247
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарды иеленген қатысушы командалар марапатталды. Жоғарғы ұпай жинап, жеңістің туын желбіреткен Торғай ауылының спортшылары командалық есепте 1 – орынды жеңіп алды. 2 – орынды иеленген аралбайлық спортшылардың мерейі үстем болды. Ал 3 – орынды Шеген ауылының спортшылары місе тұтты.DSCF9266
Бірнеше додаларда топ жарып жүрген торғайлық Бағдат Ертасов “Түйе палуан” атағын иемденді. Барлық жеңімпаз командалар ақшалай сыйлықтармен және арнайы дипломдармен марапатталды.
Жазғы спартакиаданың жабылу салтанатынан кейін жарыстың қатысушылары мен жанкүйерлер естелік суреттерге түсті. Аталған іс-шара баршаның көңілін көтеріп, сергектік пен жағымды күш-қуат сыйлады.
 
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Жанкелдин ауданы 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓