Ұзынкөлде жаңа әкім
Бүгін Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының әкімі тағайындалды. Бұл орынға Талғатбек Дайыров тағайындалды. Жергілікті активке жаңа басшыны облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов таныстырды.
– Облыс әкімінің өкімімен, аудандық мәслиxат келісім арқылы Талғатбек Сапабекұлы Дайыров Ұзынкөл ауданының әкімі қызметіне тағайындалды. Оның мамандығы – экономика және саудада басқару мен қоғамдық тамақтану заңгері. Тәжірибесі мол. Бірнеше ауданда басшы жұмыстарын атқарды. Оның Ұзынкөл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатынына сенімдіміз, – деді Ғауез Нұрмұхамбетов.
Талғатбек Сапабекұлы 1959 жылы Қостанай облысы Боровской ауданы Чернышевка селосында дүниеге келген. Бұған дейін Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы мекемесінің басшысы қызметінде болды. Сонымен қатар «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қостанай филиалының директоры, Қостанай астық компаниясының директоры қызметтерін атқарды.
Нұрқанат Құлабаев
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев