Барлық өңірде күн суытады

Синоптиктер 26-28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Казгидромет РМК орталығына сілтеме жасап.Без названияҚазақстанның батысы мен солтүстігінде түнгі үсік тудырған суық антициклон шығыс бағытта жүрып жатыр. Алдағы үш тәулікте республиканың орталығы мен шығысында ауа температурасының төмендеуі мен үсік болады. Ал Орал аудандарынан кезекті суық фронт ығысуда, онымен республиканың басым облыстарында жауын-шашын, күшті екпінді жел, солтүстік облыстарында жаңбырдың жылбысқы қарға ауысуы мүмкін.
Өткен үш тәулікте ауа температурасы оңтүстікте, орталық пен шығыста қалыпты нормадан 3…6°С-қа жоғары болса, сенбі күні нормаға жақындап, ал жексенбіде барлық өңірлерде нормадан 3…8°С-қа төмен болады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓