Аманқарағайда мешіт ашылды
Әулиекөл ауданына қарасты Аманқарағай елді мекенінде жаңа мешіт ашылды. Осынау киелі құлшылық орнының тұсаукесер салтанатына есімдері елімізге танымал дін қайраткерлері – ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, ҚМДБ «Ғұламалар кеңесінің мүшесі», Алматы орталық мешітінің наиб имамы Ерсін Әміре, Асқарбек Сарипбаев, Ораз қажы Олжабайұлы, Ризабек Батталұлы, Қабылбек Әліпбайұлы, Жасұлан Жүсіпбеков арнайы келіп отыр.
Салтанатты жиынды Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің наиб имамы Әлішер Ертайұлы жүргізді. Мешіттің ашылуына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ерсін Әміре құран оқыды.
Басқосуда Сансызбай Құрбанұлы құттықтау сөз сөйлеп, ғибратқа толы уағыз айтты. Жергілікті ағайындарға бұл ашылып отырған мешіт нағыз имандылық ордасына айналатындығына сенімді екенін жеткізді.
Көпшілік алдында Қазақстанның сөз өнерінде қолтаңбасы ерекше айтыстың ақтаңгері Айбек Қалиев арнау орындады.
Аталмыш мешітке дін саласында көп еңбек сіңірген жерлесіміз Сабыр молданың есімі берілгендігін атап өткеніміз жөн.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі