Айтыс! Айтыс! Айтыс!
Биыл қазақ әдебиетінің бәйтерегі, көрнекті жазушы Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл. Осы атаулы датаға орай атқарылып жатқан ауқымды шаралар жетерлік. Солардың ең шоқтықтысы – облыстағы "Таран" деп аталып келген ауданға Би-ағаның есімінің берілуі болды. Мұның сыртында "Өзіміздің Би-аға" республикалық мүшайрасы, "Майлин көшесіндегі мереке" әлеуметтік жобасы және көптеген түрлі деңгейдегі байқаулар, жиындар өткенінен оқырмандарымыз хабардар. Бұл мәдени-көпшілік шаралардың лайықты жалғасы республикалық айтыс болғалы отыр. "Бейімбеттің биігі" аталатын айтыскер ақындар аламаны Тобыл-Торғай төріне елдің әр түкпірінен жыр сүлейлерін жинамақ!«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, қазақтың Би-ағаның 125 жылдығына орай өтетін аламан айтыста аузымен құс тістеген атақты ақындар екі күн бойы – 26-27 қыркүйекте қостанайлық жұртты жырмен сусындатпақ. Қазақстанның әр қиырынан жиылатын 14 ақын әйгілі тұлғаны өлеңдеріне арқау етпек. Азуын айға білеген ақындар арасында Алаш ақтаңгері Айбек Қалиев (Арқалық), сондай-ақ Серік Құсанбаев (Өскемен), Мейірбек Сұлтанхан (Қызылорда), Әсем Ережеқызы (Астана), Шұғайып Сезімхан (Алматы), Жарқын Жұпархан (СҚО) сынды елге есімі аян мықтылар бар. Өлең жарысына түсетін өзге де өнерпаздар да өңір тұрғындарына таңсық емес.
Ақындарға Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова, ҚР Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, ақын Аманжол Әлтаев, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, ҚР мәдениет қайраткері, ақын Ақылбек Шаяхмет, балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, әдебиеттанушы, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Елдос Тоқтарбай қазылық жасайды. Айтысты Мәдениет қайраткері, ақын Жүрсін Ерман жүргізеді.

Айтыс екі кезеңге бөлінген. Ақтық сында алты ақын өнер көрсетеді.
«Бейімбеттің биігі» республикалық айтысы Қостанай қаласындағы «Жастар сайында» 26 қыркүйекте сағат 16.00-де және 27 қыркүйекте 11.00-де өтеді. Билет құны – 700 теңге, «Жастар сарайының» кассасында сатылады.