Оғыландар атой салған күн

Қостанайдағы «Динамо» спорт кешенінде грепплингтен балалар арасында республика біріншілігі өтті. 10-11, 12-13 және 6-7, 8-9 жас аралығында сынға түскендер – Қостанай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Маңғыстау, Қарағанды облыстары мен Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан жиналған мықтылар.DSC_6023
Тартысты өткен додада Қостанай облысының құрамасы жеңімпаз атанды. Екінші және үшінші орындарға Алматы және Павлодар облыстарының мықтылары тұрақтады. Айта кетейік, барлық 200 спортшының ішінен екі жас ерекшелігі бойынша сынға түскен жалғыз жерлесіміз Әмір Тілеміс үздік танылып отыр. 8-9 жас жастағылар арасындағы жекпе-жекте Әмір ешкімге қарсылас шақ келтірген жоқ. Ал 10-11 жастағылар арасында күміс жүлдегер атанды. Жартылай финалда алматылық қарсыласын сабмишн әдісімен жеңсе, ақтық сында павлодарлыққа есе жіберді.DSC_6065
 
DSC_6106
DSC_6117
DSC_6079Облыстық панкратион және грепплинг жекпе-жек федерациясының президенті Артем Бабаджанов биылғы біріншіліктің жоғары деңгейде өткенін атап өтті.
– Әсіресе, біздің өңірімізден аталған спорт түрімен шұғылданып қана қоймай, зор нәтижелерге қол жеткізіп жүрген оғыландарымыздың қатары артып келеді. Оған осы жолы ұйымдастырылған турнирдегі жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлеріміз дәлел. Біздің спортшыларымыз қазір Қазақстанмен қатар, Азияда да топ жарып жүр. Жуырда облысымыздың командасы Ташкентте өткен Азия чемпионатына барып жоғары нәтиже көрсетіп келді. Екі жас ерекшелігі жекпе-жегінде У.Димова 1 және 2 орыннан көрінді. Ә.Тілеміс те жеңімпаз атанса, А.Әбдрахманов 2-ші, Т.Ибраев, Е.Ибраев, Е.Батыршаев 3-ші орындарға ие болды, – деді А.Бабаджанов.DSC_6140
 
Қыдырбек Қиысхан,
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓