“Прокуратура ардагері” медалімен марапатталды
ҚР прокуратурасы күніне орай, прокуратураның құрметті қызметкері, әділет кеңесшісі, Арқалық қаласының тұрғыны, зейнеткер С. Ысқақов "Прокуратура ардагері" медалімен марапатталды.
Бұл медаль оның прокуратура саласында 25 жыл мінсіз қызмет атқарғаны үшін беріліп отырғандығын айта кеткен жөн.
Мәртебелі марапатты қала прокуроры Т.Жүсіпов табыс етті.
Серік Нұрғазыұлы 1972-1997 жылдар аралығында Торғай және Қостанай аймақтарында жемісті еңбек етті. Осы уақыт ішінде Қостанай облысы Арқалық қаласы прокуратурасының аға прокуроры, аға тергеушісі және Жанкелдин ауданының прокуроры болды.
С.Ысқақов бұған дейін де "Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл" мерекелік медалімен марапатталған болатын.
Прокуратура ардагері зейнетте жүрсе де мансабын жалғастыруда. Қазіргі уақытта Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында аға оқытушы болып, жастарға құқықтық тәртіпті үйретуде.
Мұрат
ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы.