ТВС телеарнасына 20 жыл

Рудныйдағы кен алыбы – Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігінің күнделікті тыныс-тіршілігін, жаңашылдықтары мен жетістіктерін, кеншілердің еңбегі мен өмірін күнделікті эфирге шығаратын бірден-бір ақпарат құралы бар. Ол – ТВС телеарнасы.
Кәсіпорынның жанынан құралған ақпараттық орталықтың негізі 1998 жылы қаланғанымен, алғаш рет рудныйлықтар комбинат жаңалықтарын көгілдір экраннан 1999 жылдың қыркүйегінде көре алды. Сол кезде шағын ұжымға бас болған Рэм Нигматуллин, Людмила Старостина, Ринат Асқаров, Сергей Васильев, Борис Борщевтар аптасына бір рет жарты сағаттық жаңалықтарды ұсынуды бастаған екен.визит Президента,ТРК ТВС, Галашов, Климова, Тишкимбаева, Хасен, Борщев, я,Саша, Володя Зинкин1
Уақыт өте келе ақпараттық орталықтың шығармашылық ұжымы толығып, өрісі кеңейді. «ТВС» телеарнасының алғашқы қазақ тіліндегі тележүргізушісі, бүгінгі таңда ақпараттық орталығының басшысы Арман Хасен ана тіліміздегі тележобалардың көрерменге жол тартуына көп еңбек сіңірді. Әсіресе, оның әр жылдардағы шәкірттері Балағазы Сейітмағамбетқызы, Әлия Жақанбаева, Ербол Сейітмағамбетұлы, Айнагүл Сатвалдиева, Дамира Мұсаева әзірлеген «Жүздесу», «Аманат», «Имандылық», «Ардагер», «Ақниет» бағдарламалары көптің көңілінен шығып, ерекше рух пен қайрат-жігер берді.Назарбаев и Арман 0001
Бүгінде ақпарат құралы заман ағымына сай дами түсіп, материалдық-техникалық мүмкіндіктері кеңейіп, көпшілікке телехабарлардың цифрлы форматын ұсынып келеді. Ал редакция журналистерінің күнделікті ізденісі өндіріспен шектелмей, қала тұрғындарының өзекті мәселелерін қозғайтын халықтық телеарнаға айналды. Тұрғын-үй коммуналды шаруашылығы, жолдардың жағдайы, жарықтандыру мен абаттандыру, жетімдер, көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасылар – қай сала болмасын эфиге шыққан материалдар өзіндік стилімен, толықтығымен көзге түсіп, қала және облыс тарапынан бірнеше марапаттарға ие болды.
ТВС телеарнасының YouTube.com сайты мен басқа да әлеуметтік желілерде жеке аккаунтының пайда болуы көрермендермен екі жақты пікір алмасып тұруға мол мүмкіндік бергені анық.DSC_2055
Қазіргі таңда ұжымда көптеген тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Алдағы уақытта ақпараттық орталыққа қарасты «ТВС» телеарнасы кеншілер қаласының халқын ауқымды жоспарларымен және де қызықты бағдарламаларымен қуанта береді деген сенімдеміз! Мерейтой құтты болсын!
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓