Қазақстан – бейбітшілік пен келісім мекені

Федоров аудандық «Жастар» мәдениет үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Дандыбаев«Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» республикалық мега-жобасын жүзеге асыру аясында өткен шараға Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармония мен жергілікті мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы, сондай-ақ ұлтаралық мәдениет орталығының өкілдері қатысты. Концерттік бағдарламаны құттықтау сөзімен аудан әкімі Қайрат Ахметов ашты. Одан кейін сөз алған Ассамблеяның облыстық филиалы хатшылығының меңгерушісі Бағытұр Дандыбаев Қазақстандағы ұлтаралық ынтымақтастық моделі дүниежүзі елдеріне үлгі болып отырғанын тілге тиек етіп, республикалық мега-жобаның маңыздылығына тоқталды. Шара әрі қарай этномәдени бірлестіктердің даярлап келген концерттік бағдарламасына ұласты.
 
Қуаныш Есқабыл

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓