Құқықтық оқыту – заман талабы
Аманкелді ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінде аудан мектептеріндегі құқық пәні мұғалімдеріне арналған семинар болып өтті.
Жиын барысында Құмкешу орта мектебінің ұстазы С. Қылышбаев «Отбасы және қоғам» атты ашық сабақ өткізді. Сондай-ақ Ы.Алтынсарин орта мектебі құқық пәнінің мұғалімі Б. Ақжановтың «Қазіргі Қазақстанда және адамзат қауымдастығындағы заң сипаты» тақырыбындағы авторлық бағдарлама оқулығын қатысушылар кеңінен талқылады.