Жұмыла көтерген жүк
Әулиекөл ауданы Лаврентьев ауылының тұрғындары іргесіндегі зиратты ретке келтіріп, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, қорымды қоршап, қабіршілерге және дұға оқыуға келген азаматтарға арнап үй тұрғызды. Сауапты істің Новонежин ауылдық округінің әкімі А.Жүрсінәлиннің қолдауымен және ауыл тұрғындарының қаржысымен іске асқанын айта кеткен жөн.