Нұрбол – сұрмерген!
"Тобыл" командасының капитаны Нұрбол Жұмасқалиев Қазақстан чемпионатында соққан доптарының санын 155-ке жеткізді. Ол жексенбі күні "Тобыл"-"Тараз" арасында өткен матчта 7 минутта қарсыластар қақпасын дәл көздеген еді. Айтпақшы, Нұрбол өзінің 150-ші голын да дәл осы "Тараз" қақпасына тоғытқан.
Жалпы, ел біріншілігінде Н.Жұмасқалиевтен көп доп соққан футболшы жоқ.
Қазақстан Ұлттық чемпионатының сұрмергендері мыналар:
Нұрбол Жұмасқалиев 155 доп;
Олег Литвиненко 147 доп.;
Мұрат Тілешев 147;
Нүркен Мазбаев 142;
Андрей Мирошниченко 115.
Бүгінгі таңда Нұрбол Жұмасқалиев барлық ресми матчта 171 доп соғыпты. Оның 155-і ел чемпионатында, 3-і кубоктық сындарда, 6 допты ұлттық құрама сапында және 7 допты еурокубокты ойындарда салған.