Тіркелу науқаны басталды

Еліміз бойынша 15 қыркүйектен емханаларға тіркелу науқаны жүргізілуде. Өткен жылы 300 мыңнан астам қазақстандық, ал Қостанай облысы бойынша он үш мыңнан астам адам тіркеу науқаны аясында емхананы таңдау құқығын пайдаланған. Бұл өткен жылға қарағанда екі есе көп. Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” ҰАО Қостанай облысы бойынша филиалының директоры С.Аймұхаметова мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары А.Бексұлтанова тіркелу науқанының маңыздылығы туралы айтып берді.  
сауле
Тіркелу науқаны екі айға созылады. Осы уақыт аралығында тұрғындарға алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына өз қалауы бойынша бекітілу мүмкіндігі беріледі. Сондай-ақ, емханаға  үш түрлі әдіспен тіркелуге болады. Алғашқысы таңдаған емханаға тікелей бару арқылы, екіншісі электронды қолтаңбаны пайдаланып, онлайн тіркелу. Қолтаңба болмаған жағдайда Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жазыласыз.
-Науқан жыл сайын азаматтардың қазіргі емхана ұнамаған жағдайда, емхананы ауыстыру  мүмкіндігі, ал нарық қатысушыларына, сонымен қатар жаңа қатысушыларға – келесі жылы халыққа қызмет көрсетуге тапсырыс алу мүмкіндігі болуы үшін жүргізіледі. Медициналық сақтандыру қоры емханаларды өздеріне бекітілген пациенттердің санына байланысты қаржыландырады, өйткені қаржыландыру жан басына шаққанда жүргізіледі. Яғни, бәсекелестік жағдайында емханалар сервис деңгейін және қызмет көрсету деңгейін арттыруға мәжбүр болады. Қостанай облысында азаматтарды бекіту және алғашқы медициналық-санитариялық қызмет көрсету бойынша қызметтерді 31 амбулаториялық-емханалық ұйым көрсетеді, оның 6-ы жекеменшік емханалар, – дейді С.Аймұхамбетова.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық сақтандыру енгізіледі және халыққа медициналық қызметтер жаңа ережелер бойынша көрсетілетін болады.  Алайда, МӘМС енгізу сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық азаматтарға қолжетімді болатын тегін медициналық көмекке мемлекет кепілдігін жоймайды. Керісінше, медициналық сақтандыруды енгізумен медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталық рөлге ие болады және ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде азаматтардың медициналық көмек алуын үйлестіретін болады. Тиісінше, әрбір азаматтың тбекітілген болуы және өзінің учаскелік дәрігеріне қол жеткізуі маңызды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары А.Бексұлтанованың айтуынша, медициналық қызмет көрсету сапасын бақылауды қамтамасыз ету үшін Қор шағымдарды басқару жүйесін құрады. Осы мақсатта 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жеке байланыс орталығы іске қосылды. Азаматтар 1406 нөмірі бойынша кез келген телефоннан тегін қоңырау шалып, медициналық көмек мәселелері бойынша кеңес ала алады, өтініш немесе шағым бере алады, медициналық қызметтерге қанағаттанушылығына баға бере алады.
Айта кетер жәйт, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өзінің телеграмм-ботын іске қосты – @SaqtandyryBot. Телеграмм-бот халыққа міндетті медициналық сақтандыру туралы ақпарат беруге, сонымен қатар кері байланыс алуға арналған. Телеграмм-бот арқылы өзіңіздің сақтандыру мәртебеңізді тексеруге болады. Бұл функция “Saqtandyry” ақпараттық базасында жасалған. Аталған коммуникация каналы арқылы МӘМС жүйесі, сақтандырылу жолдары, жарналар мен аударымдарды төлеу туралы ақпарат алуға болады. Бот бета-тестілеу режимінде, іркілістер немесе қателер анықталған жағдайда 1406 нөміріне хабарласу қажет.

You may also like...

1 Response

  1. Хилола айтты:

    Неше жыл оқу керек

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓