ТАМЫЗ РЕЙТИНГІ: А.Мұхамбетов 2-сатыда
"Медиялық технология орталығы" сараптамалық қызметі Қазақстан өңірлерінің әкімдерінің тамыз айындағы рейтингін жариялады. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов екінші орыннан көрінді. "Қостанай облысы экономикалық өсім жөнінен алдыңғы қатардан көрінуде. Қазір ел өңірлері арасында қарқынды даму тұрғысынан көшбасшылардың бірі болып отыр. Әсіресе, өнеркәсіпте ілгерілеу, автокөлік өндірісі бойынша өзге аймақтардан оқ бойы озық. Жүк көліктері мен ауыл шаруашылығы машиналарының тұтас желісін шығаратын өндіріс орындарын іске қосу күтілуде. Сәйкесінше, соның арқасында жаңа жұмыс орындары құрылып, өңірдегі өмір сүру деңгейі жоғарылайтыны сөзсіз. Тұрғын үй құрылысы белсенді жүзеге асуда. Те қана тамыз айында 5 көп қабатты тұрғын үй тапсырылды. Арқалықтағы пәтерлердің көбісі көп балалы аналарға берілді. Денсаулық сақтау саласында да материалдық-техникалық база нығаю үстінде. Тамыз айында облыс ауруханалары цифрлық рентген жүйелері, УДЗ аппараттары және жаңа туған нәрестелерге арналған инкубатормен қамтылды. Көлік инфрақұрылымын дамытуға да қомақты қаржылар салынуда. Есептік айда облыстық және аудандық маңыздағы үш автокөлік жолының жөндеу жұмыстары аяқталды. Дегенмен, биыл Қостанай облысында астық шығымы төмен болып отыр. Ресми деректер бойынша, бұған жаз айларының құрғақ болуы себеп. Соған қарамастан, Қостанай облысы ұн өндірісі жөнінен республика бойынша көш басында", – делінген сараптамалық мақалада.
Айта кетейік, тамыз айындағы әкімдер рейтингін Шығыс Қазақстан облысының басшысы Даниял Ахметов бастап тұр.