НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР ЖҮКТЕДІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовты қабылдады. Бұл жайында аймақ басшысы өзінің инстаграмдағы парақшасында жазды.
"Кездесу барысында 2019 жылдың 7 ай ішіндегі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ өңірдегі астық жинау жұмыстарына дайындық барысы, агроөнеркәсіп кешенінің дамуы және машина жасау саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асырылуы жөнінде баяндадым.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырмалар берді, атап айтқанда Арқалық қаласының жылумен қамту жүйесін қайта жөндеу бойынша ұсыныс әзірлеуді тапсырды," – дейді аймақ басшысы.
Сондай-ақ, тұрғын үй құрылысы мен Қостанай қаласындағы әуежайды қайта жаңарту жұмыстарының қарқынын жеделдету жүктеліпті.