Мұз айдыны жөндеуден өтеді
Рудный қаласындағы мұз айдынына күрделі жөндеу жұмыстары жасалмақ. Бұған жобалық-сметалық құжатнамалар да әзірленіп болған.
Ең алдымен, тоңазытқыш жабыдықтарын алмастыру қажет. 1980 жылы орнатылған бұл құрылғының әбден тозығы жеткен. Мұнымен қоса мұз өндейтін техникалар әкелінеді. Спортшылардың киім ауыстыратын бөлмесі де жаңартылады.
Облыс әкімі А. Мұхамбетов ғимараттың жөндеу жұмыстарына 1 млрд. 600 млн. теңге ақша қажет екендігін ескертіп, жобаны оңтайландыруды бұйырды. Сондай-ақ өңір басшысы осы жұмыстарға екі жыл айналасында бюджеттен 600 млн. теңге бөлетінін айтты.