Ауылдың ішкі жолдары жөнделуде
Бүгінде Сарыкөл ауданы ауылдарының ішкі жолдары жөнделуде. Оған «ЖЖК-2020» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 50 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді.
Соның ішінде Тимирязев пен Веселоподол ауылдарына қарастырылған қаржының соммасы – 7 млн. теңге.Ауылдық окург әкімі Есқожа Қалиевтің айтуынша, бөлінген қаржыға Тимирязевтің ішкі 1550 текше метр жолы жамалады. Бүгінде жөндеу жұмыстары басталып та кеткен. Енді, көріктенген көшелердің шұңқыр жолдары жөнделіп, одан сайын құлпыра түспек.
-Облыс әкімі А.Мұхамбетов біздің басымызды қосқан жиында ауылдық округтерге бөлінетін қаржыны абаттандыру жұмыстарына жұмсау керектін айтты. Сондықтан, біз ауылдың ішкі жолдарын жөндеп жатырмыз. Онымен тендерді ұтып алған «СарыкольДорСтрой» ЖШС айналысуда. Он күннің ішінде жұмыстарды аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз, – дейді ауылдық округ әкімі Есқожа Әнуарбекұлы.Айта кеткен жөн, дәл осындай жұмыстар Лесной, Красназнамен, Чехов ауылдық округтерінде қыза түссе, ал Тәгіл, Маяк ауылдарында аяқталды.
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.