Қарабалық ауданда алдағы қараша айында жаңа су құбыры пайдалануға беріледі.
Елді мекенде ұзындығы 61 шақырым су құбыры тартылып, екі сүзгі құрылғысы мен сусорғыш станцияға қажетті шұңқырлар қазылған. Жаңа су құбырының қызығын алғашқы тоқсанда Рабочая, Первомайская, Лермонтов және Киевская көшелерінің тұрғындары көретін болады.