От пен судан опат болғандар
Қарасу ауданының Степной ауылында, Қарасу өзеніне, шомылу кезінде, абайсыздығы кесірінен, 32 жастағы азамат суға батып кетті.
Оқиға орнына жергілікті ТЖБ-нен 4 құтқарушы және 1 техника жұмылдырылды. Марқұм денесі су астынан 1 сағатта табылып, тысқа шығарылды.

Облыс орталығына қарасты Амангелді селосының Рудненский көшесінде сарай өртеніп, салдары орны толмас қайғыға соқтырған. Жалын сөндіріліп болған соң сарай ішінен еркек адамның күйген денесі табылды.
Түр-тұлғасы анықталу үстінде. Полицейлер бұл оқиғаның қасақана қылмыстық әрекет болуы бек мүмкін екенін айтуда.

Жандос Жүсіпбек