Балаға мейірім сыйла
Рудный қаласында «Мектепке жол» республикалық акциясы «Балаға мейірім сыйла!» деген ұранмен өтіп жатыр. Бүгіннің өзінде 1415 оқушыға жалпы құны 12 миллион 219 мың теңгені құрайтын мектепке қажетті керек-жарақ әперілді.

Айта кетерлігі, тамыз айының соңында қалалық мәслихат, мәдениет бөлімі, «Казогнеупор» зауыты, «Райымбек Грей» ЖШС, Еуразиялық банк сияқты бірқатар мекеме өкілдері акцияға белсене қатысып, 397 оқушыға материалдық қолдау көрсеткен болатын. Акция қыркүйек айының соңына дейін жалғаспақ.
Қуаныш Есқабыл