Жаңа нысан іске қосылады

Сарыкөл ауданы "Ақкиік" ЖШС аумағында механикаландырылған ток құрылуда. Осы аптада аудан әкімі жаңа нысанды аралады. Сондай-ақ, Эльдар Күзенбаев аталмыш серіктестіктің егіс алқабында болды.
SONY DSC

SONY DSC

ЖШС басшысы Амангелді Жалғасов Мәскеуден әкелінген мехток құрылысы жаңа модификациялы екендігін, астықты жүз пайыз тазалайтындығын айтты. Атап өткен жөн, тазарту және сұрыптауы машинаға ұқсас мұндай техника әзірге ауданда жоқ. Ағымдағы жылдың 10-қыркүйегінде іске қосылады. Ал, толық өндірістік қуаттылыққа шығу желтоқсан айына дейін жоспарланып отыр. Серіктестіктің механикаландырылған токқа салған қаражат құны 45 миллион теңгені құрайды.
SONY DSC

SONY DSC

Кездесу барысында өңір басшысы құрал-жабдық жүзеге асырылатын орынды, астық қабылдау алаңын, қойма және кәсіпорынның мобильді кептіру агрегатын аралап көрді.
-Сабағы адам бойындай болатын бидай өңірде биыл бірініші рет кездесіп отыр, – деп өз ойын білдірген Эльдар Қонысбайұлы ЖШС алқаптарындағы сабағы жоғары, «Омско-36» тегіс масақтарын көріп, тамсанды.
SONY DSC

SONY DSC

Амангелді Рахымбайұлының айтуынша, бұл жылы арпа да жақсы шыққан. Диқан арпа жинауды екі-үш күннен соң бастауды жоспарласа, ал бидай оруды 10-қыркүйекте көздеп отыр.
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓