Мешітте мәуліт оқылды

DSCF5700Мұхтасиф Әлмұхамед молла атындағы қалалық мешітте қасиетті пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с.- ның туған күніне орай, мешіт шәкірттері арнайы салауат айтып, оның дүниеге келуі, пайғамбар болуы, керемет көркем мінезі және қаншама қиындықпен дін насихатын жасағаны жайлы мәуліт қасидаларын оқыды. DSCF5697
 – Мәулітті атап өтудегі негізгі мақсат: бүкіл ғаламға мейірім ретінде жіберілген Алла елшісінің есімін ардақтау. Хадисте пайғамбарымыз өз үмметіне: "Кімде -кім таңғы және кешкі уақыттарда маған арнап он рет салауат айтып, сәлем жолдаса, қиямет күні менің шапағатыма бөленеді" деп өсиет қалдырған. Сондықтан пайғамбарымызды еске алу, өмір жолынан өнеге алу, сүннетіне амал етіп, салауат айту әрбір мұсылман баласы үшін парыз болып саналады, – дейді қалалық мешіттің бас имамы Бектұрсын қажы Торғайбайұлы.
 
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓