Қайырымдылық концерті шақырады!

Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен 22 қаңтарда сағат 19.00-де Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның концерт залында «Дегдар» қорының «Времен связующая нить» атты қайырымдылық жобасының аясында концерт өтеді.IMG-20190118-WA0028Концертке ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Тимур Урманчеев (фортепиано), халықаралық конкурстардың лауреаты Динара Базарбаева-Сахаман (скрипкашы), Халықаралық конкурстардың лауреаты Мұрат Нарбеков (виолончельші), сондай-ақ ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрының жетекші солисі Медет Шотабаев сынды атақты қазақстандық орындаушылар қатысады. Кіру тегін. Қала тұрғындарын шақырамыз!
 
Сурет интернеттен алынды

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓