Қайда ұштың, FlyArystan?

FlyArystan әуе компаниясы 4 қыркүйекте Қостанайдан Нұр-Сұлтан қаласына рейс ашылатыны туралы жар салған болатын. Кейінірек райынан қайтып қалғанға ұқсайды: ұшақ қонып-ұшатын қалалар тізімінде Қостанай көрінбейді.imagesБұған дейін алғашқы әуе тасымалы 3 қазанда басталатынын, билет ең төменгі құнының 5999 теңге екенін оқырмандарға сүйіншілеген едік. Компания ақпаратынша, Қостанай-Нұр-Сұлтан бағытына 180 орынға шақталған Airbus A320 ұшақтары қызмет көрсетуі тиіс болған. 
Бүгін белгілі болғандай, авиакомпания Қостанай бағытындағы билеттер сатылымын тоқтатып, ресми сайттарындағы жаңалықтар аңдатпасын алып тастаған. FlyArystan тізімінде Қостанай қаласы мүлде жоқ. Мұның себебі – Қостанай әуежайының рейстерді қабылдауға дайын екені туралы растама хат компанияға әлі жолданбаған. Ал билет сатып алып үлгерген адамдар оны кейін өткізе алады. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓