Иммундау апталығы басталады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйенсек, қызылша мен қызамыққа қатысты эпидемилогиялық жағдай мәз емес. Мәселен өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 300 пайызға өскен. Украинада сырқаттанғандар саны 87 мыңға жеткен. Қазақстанда да өткен жылдан бері ауырғандар саны артып келеді. Ағымдағы жылдың сегіз айында еліміз бойынша 10 мыңнан астам, ал Қостанай облысы бойынша 192 жағдай тіркелген. Бұл туралы облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында өткен брифингте айтылды.
краснуха
-Қызылша – жіті инфекциялық вирусты ауру. Негізгі белгілері: науқастың қызуы көтеріліп, қызылшаға тән теріде бөртпелер пайда болып, көзі қызарып, тыныс ағзалары зақымданады. Ауру тек науқас адамнан жұғады. Адам өмірінде қызылшамен ауырмаған болса, не егілмеген жағдайда, өзіне жұқтырады. Қызылша жұқпасының адам ағзасына келтіретін зардабы да орасан. Қызылша ауруының алдын алу – уақытылы егу жұмыстарын жүргізу, үйде қызылшамен ауырған науқас болғанда қарым-қатынасты шектеу, – дейді басқарма басшысының орынбасары Ю.Севостьянов.
краснуха3краснуха2
Осыған орай, Қостанай облысында 16 қыркүйектен қызылша мен қызамыққа қарсы қосымша иммундау апталығы басталады. Бірақ, мұның балаларға қатысы жоқ, тек 20-дан 29 жасқа дейінгі ересектер қамтылмақ. Себебі, қызылшамен ауыратындардың негізгі тобын 30 жастан асқан адамдар құрап отырған көрінеді. Қосымша иммундау барысында қызылшаға және қызамыққа қарсы аталған жастағы 90 мың адамға екпе жасау жоспарлануда. Қазіргі таңда облысқа Үндістан елінен шығарылған вакцинаның 93800 данасы сатып алынған екен. Екпе шаралары аудан, қалалардағы барлық емдеу емекемелерінде тегін жүргізіледі.

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓