БАЛА ҚҰҚЫҒЫ БҰЗЫЛМАСЫН

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қайырымдылық іс-шараларына («Мектепке жол», «Қамқорлық» және т.б. акциялары) қатысушыларына ізгі істерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау барысында бала суретін пайдалану және орналастыру кезінде жеткіншектердің құқықтарын сақтауға шақырады.

Бала құқығы

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес қандай да бір адамның бейнесін оның келісімінсіз пайдалануға ешкімнің құқығы жоқ (145-б.1-т.). Баланың бейнесін/суретін пайдалануға және орналастыруға ата-анасының немесе заңды өкілдерінің жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.

Сондай-ақ, балалардың дербес деректерін қорғау құқығын бұзу әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады және ол үшін:

– жеке тұлғаларға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (бұдан әрі –АЕК);

  • лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 20 АЕК мөлшерінде;
  • орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30 АЕК мөлшерінде;
  • ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 70 АЕК мөлшерінде, әкімшілік құқық бұзушылық заттары және құралдары тәркілеу (Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 79 бабы) жазалары қарастырылған.

БҰҰ-ның «Бала құқықтары туралы» Конвенциясының 16-бабына сәйкес бірде-бір бала өзінің жеке өміріне, отбасылық өміріне, тұрғын үйге қол сұғылмауына немесе хат-хабар құпиясына немесе оның абыройы мен беделіне заңсыз қол сұғуға құқығын жүзеге асыруға өз бетінше немесе заңсыз араласу объектісі бола алмайды.

Қазақстан Республикасындағы кәмелет жасына жетпегендердің құқығы ҚР Қылмыстық Кодексінің 147-бабымен де қорғалатынын еске саламыз.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓