Полицейлер азаматтарды қабылдады

Қостанай облысында полицияның фронт-кеңселерінде азаматтарды қабылдау күні өтті. Өңірдегі барлық бөлімшенің бірінші басшылары бас-аяғы 100-ден астам азаматты қабылдады. Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Бекет Аймағамбетовке Қостанай қаласының 5 тұрғыны жүгінді. 1Солардың бірі – Рашель Міржақыпова. Ол департамент бастығына жергілікті тәртіп сақшыларының қызметіне шағымданып келген.
«Біз көмек сұрап келеміз, қорған іздейміз, ал полицейлер кей жағдайда керісінше жұмыс істейді. Осы тұрғыда қажетті шаралар қолданылады деп сенемін»,- деді  Р. Міржақыпова.
Бекет Аймағамбетов бұл мәселені зерттеп, өз ісіне немқұрайлы қарағандарды жазалауға уәде етті. Тағы бір азамат Самат Күзембаев Қостанай ауданының Майалап ауылынан арнайы келген. Ол жоғалған жылқыларын басқа шаруа қожалығының қорасынан байқаған. Б.Аймағамбетовтің айтуынша, бұл мәселе қылмыстық істі тергеу шеңберінде шешілетін болады. Прием граждан начальник ОП Сарыкольского района Кайрат АбдикалыковАл Қостанай қаласының тағы бір тұрғыны Қызғалдақ Өмірзақова қылмыстық істі тергеу бойынша Қостанай қаласы полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Ербол Тайбековке шағымданды. Өтініш берушіні тыңдаған басшы қосымша тергеу әрекеттерін жүргізу туралы шешім шығарды.
Қостанай ауданы полиция бөлімшесінің бастығы Мұхтар Жайлаубеков бір сағаттың ішінде 5 азаматты қабылдап, мәселелерін шешуге көмектесті. Беларусь елінің азаматы Светлана Крутолевич Қазақстан аумағындағы уақытша тіркеу сұрағы бойынша жүгінді. Оның көптен бері шеше алмай жүрген мәселесін М.Жайлаубеков тез арада реттеп берді.
«Мен азаматтардың өтінішіне полиция бастығының жеке кірісіп, құлақ асқанын бірінші рет көріп отырмын. Менің мәселем дереу шешілді. Мұндай қызметке дән ризамын, ел бойынша қызмет сапасы артып келе жатқанына қуаныштымын», -дейді Светлана Крутолевич. Прием граждан начальник ОП Денисовского района Мереке ЖанзаковСарыкөл аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Қайрат Әбдіқалықовқа көші-қон заңнамасы, лицензиялық рұқсат беру жүйесі мәселелері және ҚР ІІМ-нің ведомстволық білім орындарына оқуға түсу шарттары бойынша аудан орталығының бес тұрғыны жүгінді.
Мәселен, Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласының тумасы Тимур Өмірзақов тұрғылықты мекен-жайын рәсімдеу мәселесі бойынша өтініш білдірді. Прием граждан УП города Аркалык начальник Женис АхметовБарвинов кентінің тұрғыны Олжас Қаликеев Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясына оқуға түсу шарты бойынша сұрақ қойды.  ПБ бастығы Қ. Әбдіқалықов барлық өтініштерге қатысты түсініктемелер мен кеңестер берді. жительница Белоруссии Светлана Крутолевич выразила благодарность за оперативное решение ее вопросаФронт-кеңселер 2019-2021 жылдарға арналған ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі Жол картасын іске асыру шеңберінде ашылды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓