Риясыз ризашылық

1995 жылы 1 наурыз күні мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев этносаралық және конфессиялық келісімнің бірегей институты Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды. 
Араға жиырма жыл салып, сәуір айында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 22-ші Сессиясында Елбасы жаңа мереке – Алғыс айту күні туралы жариялады. Бұл мереке – барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген достығын нығайтуға одан әрі мүмкіндік туғызады. Биыл бұл мейрам екінші рет атап өтілді.Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филормонияда облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаевтың қатысуымен өтті.IMG_7730
IMG_7734
IMG_7717Мереке қарсаңында мектеп және колледж оқушыларының арасында сурет салу, сондай-ақ бейнероликтар жасаудан облыстық "Татулық – табылмас бақыт" атты байқау өткен болатын. Сайысты Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы мен "Қоғамдық келісім" мекемесі ұйымдастырып отыр.IMG_7743
IMG_7704Сонымен қатар түрлі этнос өкілдері сөз сөйлеп, барша қазақ халқына алғысын білдірді. Олар сонау зұлмат, қасіретті жылдары жер аударылып келген ата-бабасына аса қамқорлықпен қол ұшын созған қазақ халқына шексіз риза екенін жеткізді. Осынау байтақ дала ешкімді де жатсынбай бауырына басып, сол аялы алақанында әлі де тербеп келе жатқанына алғыс білдірді.    IMG_7710
IMG_7718
IMG_7752Шара барысында облыстық Ассамблея атынан Қостанай балалар және жасөспірімдер үйіне арнайы сыйлықтар берілді.  
 
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓