Зағип зейнеткерді пышақтаған
Меңдіқара ауданының тұрғыны зағип қартты өлтіріп, кейуананы пышақпен жарақаттап, өзі Ресейге қашып кетпек болған. Бұл қылмыс туралы брифингте Қостанай облыстық Полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов мәлімет берді.Департамент бастығының сөзінше, зейнеткер 83 жастағы күйеуін өз үйінен өлі тапқан. Қарттың денесіне үш жерден пышақ салынған.
"Кейуана үйіне келе жатқанда ауласынан күдіктінің жүгіріп шыққанын көрген. Ол қарсы кездескен кемпірге де пышақ жарақатын салып, көзден таса болған. Күдіктіні анықтауға бір тәулік уақыт жұмсалды. Оның жұмыссыз, ішімдікке салынған жергілікті тұрғын екені анықталды. Ізін суытып үлгерген. Іздеуге шекарашылар жұмылдырылды. Ормандар сүзілді. Ауа райы кедергі келтірді. Үшінші күні күдікті иесіз сарайда жасырынып жатқан жерінен ұсталды", – дейді Б.Аймағамбетов.
Күдіктінің бұған дейін жапа шегушілерден ақша талап еткені анықталды. Қолы қанға малынған қылмыскер шекара аспақ болған. Қамауға алынып, ҚР ҚК 99-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.