Кеншілер айлығы қысқармайтын болды

Қазақстанның таулы-металлургиялық секторындағы алпауыт кәсіпорын –"АрселорМиттал Теміртау" АҚ жұмысшыларының айлығын 25 пайызға қысқарту туралы шешімін қайта қарады. Айта кетейік, бұл өндіріс орнының құрамына Лисаков қаласындағы «Өркен» ЖШС кіреді. Жалақының қысқармайтыны туралы компанияның баспасөз қызметі жариялаған жаңалық лисаковтық кеншілердің де көңілін жайландырғандай.миттал
"АрселорМиттал Теміртау" бұған дейін осы жылдың 4 қыркүйегінен бастап айлық көлемінің азаятынын айтқан болатын. Компаниядағы қиын қаржылық жағдай, металл өнімдеріе деген сұраныстардың кемуі, шикізатқа деген бәсекеге қабілетсіз баға және экспорттық нарықтың күделіленуі осындай шешім қабылдатуға әкеп тіреп отырғаны мәлімденген еді.
Ол шешім өз күшіне мінбейтін болды. Жалақы мөлшері бәз қалпында қалады. Себебі, валюталық реттеудегі таяуда енген өзгерістер кері шегініс жасау алдында тұрған компанияға қармау бола білді.  

 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓