Отбасы мерекесі қарсаңында…

Отбасы – адамның өте маңызды, өте жауапты жанұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік әкеледі. Қоғамның негізгі мақсаты – адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты.
    Отбасының ең маңызды ісі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Балаларын қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке – шешенің ең маңызды міндеті.
   11111 Қазақта «Отан – отбасынан басталады» деген дана сөз бар. Шынында да, Отаннан кейінгі қасиетті ұғым отбасы болса керек.
  Қазақстан Республикасының президентінің Жарлығымен Қазақстанда қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы күні» деп белгіленгені мәлім. Осыған дейін елімізде 15 мамырда Халықаралық отбасы күні аталып келгенімен арнайы белгіленбеген.
  Отбасы құндылығын дәріптеу ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлу мақсатында мемлекет басшысының Жарлығымен белгіленген «Отбасы күні» мерекесінің қарсаңында «Арқалық балалар мен жасөспірімдерге арналған баспанасы» КММ аталып кеткен ұжымда «Отбасы – отанымыздың болашағы» атты көрме ұйымдастырылды. Аталмыш мекемеде тәрбие алып жүрген әр баланың жүрек түпкіріндегі өз отбасы туралы суреттері, жеке жұмыстары кімді болса да, ойландырмай қоймайды. Әр баланың көрмеге қойған жұмысында, терең  ой , мағыналы мән жатыр. Отбасына деген сағыныш пен сүйіспеншілікті көруге болады.
  Бұл балалар еркеліктерін аяқ шалған, қателескен кездері қателіктерін түсініп кешіре білетін, ақыл – кеңесін аямайтын осы дүниенің тек тәтті тұстарын көрсетуден жалықпайтын әке – шеше мейірімі мен қамқорын сезінбей өсіп келе жатқандар.
   Отбасы қадірін түсінетін міне, осы жандар.
Осы орталық тәрбиеленушілері отбасы тәрбиесін алмаса да өз қолдарынан шыққан жұмыстары арқылы бұл сөздің өздері үшін қаншалықты терең ұғым екенін көрсетті.
Отбасы – дүниедегі ең маңызды, ең құнды ұғым. Отбасы табиғат сыйлаған кереметтердің бірі деген артық емес. Балаларымыз болашақ Қазақстан азаматтары толық қанды отбасында тәрбиеленіп ата – ана тәрбиесі мен ақыл – кеңестері мен сусындап өссе екен. Жетім, тастанды өз еркімен қол үзген балалар болмаса екен деген тілегім де бар. Қазақстан отбасылары көбейіп, ондағы бала саны да арта түссе екен. Отбасы деген киелі сөзге құрметпен қарайық. 
 
Мөлдір Кенжеғұлова
«Арқалық балалар мен
жасөспірімдерге арналған
баспанасы»КММ
әлеуметтік педагогы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓