Қостанай. Кәсіпкерлерді қолдау орталығының көмегіне жүгінетін кәсіпкерлер бухгалтерлік қызметке аса мұқтаж екендіктерін айтады. Маусым айынан бері орталыққа 1300-дей кәсіпкер өтініш білдіріпті. Олардың тең жартысы бухгалтерлік мәселелерді шешуге көмек сұраған.