Әкем, анам және мен – саламатты отбасымыз!
Отбасы күні қарсаңында Рудный индустриялық институтында Қостанай облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен «Әкем, анам және мен – саламатты отбасымыз!» атты акция өтті.
Онда орталық мамандары студенттерге дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану, зиянды әдеттерге қарсы тұру сияқты тақырыптарда дәріс оқып, күнделікті дене қимылының белсенділігі денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің жолы екендігін түсіндірді. Дәрістен кейін студенттер мен оқытушылар қонақтарға көкейдегі сауалдарын қойып, тиісті жауабын алуға мүмкіндік алды. Кездесудің соңы флеш-моб пен арнайы семинар-тренингке ұласты. Мұнда орталық мамандары белсенділік танытқан бір топ студентке акция логотипі белгіленген футболкалар сыйға тартты.
Қуаныш Сейдоллаұлы
Рудный қаласы