Түркі жұртының басын қосқан

Өңірімізде алғаш рет «Түркі әлемі» ансамбльдері мен оркестрлерінің халықаралық фестивалі өтті. Елбасының «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының «Түркі әлемінің генезисі» арнайы жобасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған шараға облыстық мәдениет басқармасы мен Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармония мұрындық болып отыр.IMG-20190828-WA0043
Фестивальдің мақсаты – қазақстандық қоғамның тарихи санасын, қазақстандық патриотизм мен ұлттық-рухани бірлікті дамыту, түркі-тіл халықтарының рухани мұрасын жаңғырту, түркі әлемінің өзіндік ерекшелігі мен мәдениетін, дәстүрлерін насихаттау.IMG-20190828-WA0054
 
IMG-20190828-WA0052Оркестрлер мен ансамбльдер фестиваліне Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының қазақ халық аспаптар оркестрі, Қырғызстанның Бішкек қаласы мэриясы халық аспаптар оркестрі, Алматы қаласынан «Хассақ»  фольклорлық-этнографиялық ансамблі, Башқұртстан Республикасы Межгорье қаласынан «ДЭРТ»  халық этно-тобы, Өзбекстан астанасынан «ИСТЕЪДОД» ансамблі, сондай-ақ, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі, Башқұртстан Республикасының Халық әртісі, профессор Рамил Гайзуллин арнайы шақырылыпты.IMG-20190828-WA0042
 
IMG-20190828-WA0045– Бұл – Елбасы, ұлт көшбасшысы, Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында  көрсетілген басым бағыттардың іс-жүзінде көрініс табуы. Халықаралық фестивальге елімізден бөлек Өзбекстан, Қырғызстан, Башқұртстаннан қатысушылар келіп отырғаны зор мәртебе! Осынау игі бастамаға қолдау білдірген аймақ басшылығына айтар алғымысыз шексіз, – облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов құттықтау сөзінде.IMG-20190828-WA0044
Әр ұлттың өнер ұжымдары өз елінің дәстүрлі халық және халық композиторлары шығармалымен қатар, қазақ халық музыкасына басымдық беріп отырды. Соның бірі Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі, Башқұртстанның халық әртісі, профессор Рамил Гайзуллин басқаратын Башқұртстанның ұлт аспаптары ансамблі Қазақстанда өткен халықаралық байқауларда үш рет Гран-при, сондай-ақ Қазан, Мәскеу қалаларындағы бүкілресейлік байқаулардың І сыйлығының екі мәрте лауреаты атанған. Дәулескер күйші оркестрдің сүйемелдеуімен қурай аспабында «Бүлдірген» әнінің әуенін, Құрманғазының күйі «Адайды» орындап тарту етті.
Өнер додасына тайынан тарландармен тайталасқан, жас та болса бас болған бір ұжым қатысып отыр. Ол Ташкенттен келген «ИСТЕЪДОД» дутаршылар ансамблі. Кілең өрімдей өнерпаздардан құралған ансамбль халықаралық байқауларда бірнеше мәрте топ жарып, Өзбекстанды әлемге мәшһүр етті. «Истеъдод» 2000 жылы Өзбекстанның көркемөнер Академиясының Республикалық мамандандырылған мектеп-интернаты жанынан құрылды. Жетекшісі – Насиба Садықова. Ансамбльдің репертуары өте кең және алуан түрлі. Өзбек, қазақ, тәжік фольклорлық шығармаларымен қатар, әлем халықтарының музыкаларын да тамылжытып орындап берді.IMG-20190828-WA0041
«Хассақ» – көне сарындар мен замана үнін сәтті қабыстыра білген топ. Бүгінде Қазақ елінің абыройын шет елдерде асқақтатып жүр. Атап айтқанда, ансамбль Түркия,  Ресей, Қытай, Корей және Біріккен Араб Әмірліктерінде өнер көрсеткен. 2019 жылдың 5-10 қаңтар аралығы Сочи қаласында өткен "World folk. vision" әлемдік фольклорлық музыка сайысының жартылай финалында Гран при иегері атанып, Сауд Арабиясында өткен финалдық кезеңге жолдама алды. Және көп ұзамай Эр Рияд қаласында өткен «World folk. vision» әлемдік этно музыка сайысының финалында 100-ден аса әлем елдерінің ішінен суырылып «Этно музыка» аталымы бойынша «Бас жүлдеге» ие болып, жер жүзін өнеріне бас идірді. «Хассақтың» орындауында «Хассақнама», «Тарту», «Аққу», «Қара жорға», «Аманат» туындыларын ұсынды.IMG-20190828-WA0047
IMG-20190828-WA0050
 
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓