ОҢТҮСТІКТЕН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Шымкентте балалар мен жасөспірімдер арасындағы шахматтан ҚР кубогі өз мәресіне жетті. Жарыс олимпиадалық жүйе бойынша ұйымдастырылды. шахматАйта кетейік, осы сынның 1-ші кезеңі Қостанайда өткен еді. Финалдық ойындарда қостанайлық спортшылар жақсы өнер көрсете білді. 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер бәсекесінде Тимур Нұржанов 3-ші орынға табан тіреді. Қоржынға алтын алқаны Альрами Алдабергенов салды. Ол 12 жасқа дейінгі спортшылармен кездесіп, тиісті болған 20 ұпайлық көрсеткішті орындай білді.
– Шымқаладағы шахматшылардың 5-ші кезеңіне дайындықты ерте бастағанбыз. Ұту маңызды, себебі – алда халықаралық турнир. Шахмат клубында сабақ алатын жас спортшылармыз Алматы, Павлодар, Қызылорда және Қостанай қалаларында өткен алдыңғы кезеңдерде де бақ сынаған. Шәкірттерімнің жетістігіне қуаныштымын,- деді жаттықтырушы Павел Русанов.
1-ші орынға ие болған Альрами Алдабергенов 2016 жылы өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.   
 
Қасқырбай Қойшыманов

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓