МӘСЕЛЕ – СИЫР САНЫНДА ЕМЕС!

ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев екі сиырмен нәпәқа айырудың жолымен бөлісті, деп хабарлайды тengrinews.kz порталы.

"Әрине, 2 сиырмен де өмір сүруге болады. Ол үшін қара малға күтім жасау керек. Көпшілік жем-шөп жоқ деп шағымданады. Жоқ екен деп отыра берсеңіз, малыңыз да сізге өнім бермейді. Күтімі жақсы  сиыр 7-8 литр сүт береді. Оның 2-3 литрін күнделікті қажетіңізге жаратып, қалған сүттен май, құрт, қаймақ жасауға болады. Бәріміз де ауылдан шықтық, мал өсіріп, бау-бақша еккенбіз. Мәселе – сиыр санында емес, жұртшылықтың  еңбекқорлығына қатысты көтеріліп отыр.

Біз дамыған 30 елдің қатарына кіргіміз келеді. Ол үшін біз балаларымызды ертеден  еңбекке баулуымыз керек. Өз кезегінде, мемлекет азаматтарға жағдай жасайды",-деді вице-премьер.

сапарбаев

Естеріңізде болса, "Nur Otan" партиясының жақында өткен Саяси кеңесінде сөз алған Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға шағымды азайтып, еңбек ету керектігін тілге тиек еткен болатын. Ол үшін екі сиырдан сатып алуға кеңес берген еді.

"Жұмыссыздықты жою мақсатында, жұртшылыққа шағын несиелер берілуде. Қаржыға екі сиыр алып, өзін-өзі қамтамасыз етуге барлық жағдай жасалған. Артық сүтті сатыңыз, бақша отырғызыңыз. Бұдан артық қандай көмек қажет?"- деген болатын айтулы жиында Нұрсұлтан Назарбаев.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓