«Ән жүрегім – Астана!»

Сарыкөлдіктер кең байтақ елімізді күллі әлемге танытқан Астанамыздың туған күнін сән-салтанатпен қарсы алды.
Аудан әкімі Э.Күзенбаев колледж директоры Б.Асановаға алғыс хат табыстаудаҚуанышқа кенелген күні орталық алаңдағы жаңадан салынған сахна төрінде «Ән жүрегім – Астана!» атты мерекелік думан дүбірледі. Алғаш сөз алған аудан әкімі Эльдар Күзенбаев сарыкөлдіктерді мерейлі мерекемен құттықтап, жүрекжарды ақ тілегін ақтарды.
Құттықтаудан кейін құтты қуаныш ән-шашуға ұласып, өңір өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салды.
-Астана күні Астанада айырықша аталып өтіледі. Сол секілді, менің туып-өскен жерім – Шымкентте де ерекше есте қаларлықтай тойланады. Бірақ, бұлардың бірі басты Елордамыз болса, ал екіншісі қарқынды қала ғой. Ал Сарыкөл ауданындағы тойды тым ерекше дер едім. Өйткені, ауданда да осылай айтарлықтай  аталып өтіліп жатқаны мені қатты қуантты. Бұл өңірге бірінші рет келіп, Астана күнін ауылдықтардың қалай атап өтетініне куә болып жатырмын. Бұл күн мен үшін естен кетпес ерекше сәттердің бірі болып қалады, – дейді  Гумилев атындағы ұлттық университеттің студенті, ауданымыздың қонағы Сусар Тұрлыхан.
Сарыкөлдіктер салтанатқа бөлеген мереке соңы от шашумен жалғасып, жасамыстар үйге, жастар жағы биге қалып, берекелі де, мерекелі күннің көрігін одан әрі қыздырды.
 
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓