Айрықша акция – «Асық party»
Амангелді ауданындағы «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлттық бірегейлікті сақтау» бағытын жүзеге асыру мақсатында «Асық party» акциясы өтті. Бұл туралы "Амангелді арайы" газетінің "Фейсбук" желісіндегі парақшасында жазылды.Ұлттық ойынды насихаттайтын "Асық party" шарасы – ұмытылып бара жатқан құндылықтарды қайта жаңғыртып, жас ұрпақтың ұлттық ойын түрлеріне деген қызығушылықтарын арттырады, қазақ халқының төл мұрасын қастерлеуге баулиды. «Асық party» акциясына оқушылар белсенділікпен қатынасты. Ең көп асық тапсырған оқушылар Алғыс хаттармен марапатталып, естелік сыйлықтар табыс етілді.
Акция барында қосымша білім беру орталығының басшысы Ербол Әбілғазыұлы сөз сөйлеп, жобаға атсалысқан ұстаздар мен оқушыларға өз алғысын білдірді.
– Асық ату – қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Халқымыз ерте заманнан қой шаруашылығымен айналысқандықтан, балалар ойындарының көбі қой асығымен байланысты болған. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі әріден келе жақтан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойының жұрт оны оңай ойын деп есептейді. Бірақ ептілік пен мергендік екінің бірінде кездесе бермейді. Осы ұлттық ойындарымызды жас ұрпаққа дәріптеп, насихаттау – баршаға міндет , -дейді Ербол Әбілғазыұлы.
«Асық party» акциясы барысында оқушылар 3000- ға жуық асық жинады. Енді сол жиналған асықтардан түрлі бұйымдар жасалып, Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында «Асық time» көрмесі және «Асығың алшысынан түссін!» турнирі ұйымдастырылады.