Жұмыс жүктемесі азая ма?

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы – мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі. Тұрғындардың басым көпшілігі әлеуметтік және жер қатынастары салалары бойынша жергілікті атқарушы органдарға жүгінеді. Бұдан басқа да мемқызметтердің сапасы туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен өткен аппарат жиынында сөз етілді. Облыс әкімі аппаратының басшысы Арман Әбенов мемлекеттік қызмет көрсету сапасының артқанын айтты. Былтырғы бағалау нәтижелеріне қарасақ, қызмет сапасы мүмкін болатын жүз ұпайдың жетпіс үшін көрсетіп отыр.
– «Шағымдар мен өтініштерді қарау мерзімдерінің сақталуы» критерийі бойынша 2018 жылы 12 шағым тиісті уақытында қаралмаған. Бұл ретте Қостанай қаласының әкімдігі 11 заң бұзушылыққа  (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі – 4, жер қатынастары бөлімі – 7) жол берсе, Әулиекөл ауданы Көктал кентінің әкімі мерзімді бір рет сақтамаған. Жоғарыда аталған барлық дерек ескеріліп, тиісті мамандар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. «Сот шешімімен негізделген (сот қанағаттандырған) және жоғары тұрған орган қанағаттандырған шағымдар мен өтініштердің үлесі» критерийі бойынша өтініштер сапалы шешілді, – деді Арман Әбенов.
default-1l3v
Аппарат басшысының сөзінше, 2018 жылы 47 адам мемлекеттік қызмет жүйесінен кеткен, оның ішінде 18 басшы бар. Арман Тарғынұлы «Еңбекті ұйымдастыру» санаты туралы да мәлімет берді.
– Респонденттердің 5%-і мемлекеттік органдарда жұмыс жүктемесінің жоғары деңгейінің бары, уәждеменің жоқтығын айтқан, ал 4%-і демалыс немесе мереке күндері жұмысқа жазбаша бұйрықсыз барғанын көрсеткен. Нәтижесінде, осы санат бойынша 2018 жылы облысымыз айтарлықтай ұпай жоғалтты, – деп түсіндірді Арман Тарғынұлы.
Архимед Мұхамбетов аппарат басшысы баяндаған олқылықтардың орнын толтыруды тапсырды.
– Қызметкерлерге қосымша жүктеме артуды доғару қажет. Бәрі заң аясында жүргізілсін. Біріншіден, қызметкерлердің еңбек жағдайларының жақсаруы жұмысқа деген ынтасы мен қабілет деңгейіне әсер ететінін ұмытпаңыздар. Мұны аудан-қала әкімдеріне тапсырамын, – деді облыс басшысы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓