Депутаттар халықпен кездеседі

Мәжіліс депутаттары жаңа жылдағы жұмыстарын өңірлерде сайлаушылармен кездесуден бастайды. Бұл жайында бүгін төменгі палатының ағымдағы жылғы соңғы жалпы отырысын қорытындылаған Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. депутаты«Жаңа 2018 жыл келе жатыр. Өздеріңіз жақсы білесіздер, біздің жаңа жылдағы жұмысымыз әрқашанда сайлаушылармен кездесуден басталады. Бұл халқымыз үшін, біз үшін де өте қажетті, маңызды шаралар. Себебі Елбасымыз  бізге әрқашанда халықпен тікелей жұмыс жасап, еліміздің жаңғырту мақсаттарын түсіндіру туралы нақты тапсырмалар  берді. Сондықтан әрбір ауылға, әрбір қалаға барлық бастамаларды және олардың заң жағынан қолдау жұмыстарын  жеткізу басты міндетіміз. Сол үшін Мәжіліс бюросының арнайы шешімі қабылданып, депутаттардың аймақтарға сапары жоспарланып отыр», – деді Нұрлан Нығматуллин.  
Оның айтуынша, бюро шешіміне сәйкес депутаттар 2018 жылдың 3-12 қаңтары аралығында өңірлерде болып, сайлаушылармен кездесулер өткізеді. Сонымен қатар Мәжіліс Төрағасы Парламенттің осы сессиясында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
«Парламенттің осы сессиясы басталғаннан бері Мәжіліс 80 заң жобасын жұмысқа алып, оның 42-сі қаралып, мақұлданды. Тағы  12 заң жобасын Мәжіліс депутаттарының өздері әзірледі. Парламент қабылдаған заң жобаларының 27-сіне бүгінде Мемлекет басшысы қол қойып, заңдық күшіне енді», – деді Мәжіліс спикері.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓