Өрісі кең, өсімі жоғары

Қамысты ауданы әлеуметтік-экономикалық даму жағынан биыл айтарлықтай жетістіктерге жетіп отыр. Алғашқы жартыжылдықта 940 млн теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, өткен жылғы көрсеткіштің 116%-ын құраған. Негізгі капиталға құйылған қаражат 3 млрд теңге немесе былтырғы мерзімнен бір жарым есеге жуықтапты. 367 шаршы метр баспана (өткен жылы 254 шаршы метр) тапсырылған. Бұл және шалғай өңірдің басқа да салаларындағы көрсеткіштері жайында Қамысты ауданының әкімі Ғазиз Бекмұхамедов тілшілермен болған баспасөз жиынында баяндады. Сондай-ақ, биылғы құрғақшылықты еңсеру жұмыстары қалай қолға алынып жатқаны жөнінде «Алтынсарин» ЖШС директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Борис Князев айтып берді.
– Биыл ауданда 323,5 мың гектар алқапқа дән себілген. Оның 301 мыңы бидай және дәнді-бұршақты дақылдарға тиесілі. Гектарынан орташа 2,4 центнерден айналып жатыр. Майлы дақыл және мал азығы алқаптарының көлемі артқан. Бүгінге дейін 30 мың тонна (88%) шөп шабылып алынды. Қамыс, көлтабандарды ору және көрші аудандардан шөп жеткізу жұмыстары жалғасуда. Өткен қыстағы қар мен жазғы жауын-шашынның аздығынан (86 мм ылғал түскен, ал жылдық жауын-шашын 200 мм) егін көрсеткіші төмендеп кетті. Бүгінгі ақпаратқа сәйкес барлық егіс алқабының 16%-ы орылды, – деді Қамысты ауданының әкімі Ғазиз Бекмұхамедов.
IMG_20190822_111627
Алайда бұған қарамастан, мал басын сақтап қалудың түрлі амалдары қолға алынып жатыр дейді «Алтынсарин» серіктестігінің басшысы:
– Біз бір жылға пар сақтау тәсілін баяғыдан қолданып келеміз. Аудан бойынша гектарынан 2,4 центнер деген көрсеткіш басы ғана. Ол алқаптардың күйіп кеткен бөлігі. Ал нақты қанша центнерден алатынымызды күзгі науқан аяқталғанда белгілі болады. Біз қолымыздан келгеннің барлығын жасап жатырмыз. Шаруашылығымызда 6 мың бас ірі қара малы бар. Қазір шөптен басқа, қамысты да шауып-кертіп, оған Алматыдан арнайы қоспа қосып жатырмыз. Оны араластырып, шұңқырға саламыз да тұздап, силос дайындайтын әдіспен үстінен бастырып, бетін жауып тастаймыз. Осылайша кез келген тығырықтан шығудың тәсілдерін қолданып отырмыз, – деді Борис Князев.
Қыдырбек Қиысхан
Алдағы аптадағы газет сандарынан мақаланы толық оқи аласыздар.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓